Әділетті ойын қағидаларының сақталуын бақылау комитетінің отырысы өтті
25 маусым күні Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Әділетті ойын қағидаларының сақталуын бақылау комитетінің отырысы өтті,<span> </span>деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
<span>Комитетке Премьер-лига клубтары арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Бірінші Лига командалары арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің екі кәсіби командасына қатысты спорттық талапқа сай емес еместігін жөнінде мәлімет келіп түсті.</span>
<span>Сонымен қатар, Премьер-лига матчының бас төрешісінің үшінші тұлғалармен келісу әрекеті жөнінде ақпарат қаралды. Бұл істер бойынша материалдар Қазақстан футбол федерациясының Әдеп комитетіне жіберілді.</span>
<span>Айта кетейік, отырыста Премьер-лига матчының бас төрешісі Алексей Бобровты үшінші тұлғалармен келісім жүргізу әрекеті үшін үш жылға төрелік ету қызметінен шеттеткен болатын.</span>