Шакири мен Джака екі ойыннан шеттетілуі мүмкін
Швейцария командасының ойыншылары Джердан Шакири мен Гранит Джака алдағы екі матчтан шеттетілуі мүмкін.
<span>Сербия құрамасының қақпасына соққан голдарынан соң екі футболшы да қарсыластарының намысына тиетін қылық көрсетті. Швейцариялықтардың бұл әрекетін FІFA жауапсыз қалдырмаймыз деп отыр. Екі құрама арасындағы кездесу Калининградта өтіп, 2:1 есебімен швейцариялықтар жеңіске жеткен еді. Түп-тамырлары косовалықтармен байланысып жатқан Джака мен Шакири сол ойында бір-бір голдан соғып, бұл жетістіктерін Албанияның белгісі болып табылатын – қыран құс қанатын құлаш сермегенін аңғартатын әрекетпен атап өтті. Одан қалды Шакиридің аяқ киімінің бірінде Швейцарияның, екіншісінде Косово туы бейнеленген екен. Бұл жайтқа қатысты тергеуді бастаған FІFA футболшылардың іс-қимылдары тәртіптік кодекстің 54-бабына қаншалықты сәйкестігін анықтауға кірісті. </span>