Англия құрамасы 1/8 финалға жолдама алды

Англия құрамасы 1/8 финалға жолдама алды

Әлем чемпионатының екінші турында «G» тобының өкілдері Англия құрамасы мундиальдың дебютанттары Панаманы тас-талқан етті.

<span>Ағылшындар бірінші таймда ойын тағдырын шешіп тастағандай. Джесси Линградтың және Джон Стоунз бен Харри Кейннің қос голы арқасында бес гол соғылды.</span>

<span>Екінші таймда Англия құрамасы ойыншылары Кейннің көмегімен тағы бір гол соқты. Әлем чемпионатының дебютанттары панамалық ойыншылардың 78-ші минутта Балой соққан жалғыз голмен жауап қайтаруына мүмкіндіктері болды. Бұл гол Панама құрамасының Әлем чемпионаты тарихындағы алғашқы голы болды.</span>

<span>Осылайша, G тобында 6 ұпай жинаған Англия құрамасы екінші орынмен 1/8 финалға жолдама алды. Ал бірінші орынға Бельгия жайғасқан.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или