Швейцария жанкүйерлері әлем чемпионатына трактормен келді

Швейцария жанкүйерлері әлем чемпионатына трактормен келді

<span>Осылайша бүгін жасыл алаңға шығатын ұлттық құрамасына ерекше қолдау көрсетуді жөн көріпті. </span>

<span>«Е» тобындағы екінші тур ойындары бүгін Калининград қаласында өтеді. Осыған орай кәрі құрлықтағы футбол фанаттары 2 мың шақырымды ауыл шаруашылығы техникасымен жүріп өтті. Трактордың жылдамдығы сағатына бар болғаны 60 шақырымды құрайтынын ескерсек, Люцерн мен Калининград арасын бағындаруға шамамен 2 апта кеткен. </span>

<span>- Алғашқыда бұл трактормен саяхат жасағым келген. Менің жоспарым әлем чемпионатына тұспа-тұс келді. Осылайша достарыммен бірігіп көздеген аралағымызды жүріп өттік, - дейді жанкүйер Бит Штудер.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или