Джан «Ювентуспен» келісімшартқа отыруға жақын
Туриндік «Ювентус» өзінің ресми «Твиттерінде» «Ливерпульдің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Эмре Джанмен келісімшартқа отыратынын хабарлады.
Футболшы Туринге ұшып келді. Жақын арада Джан медициналық тексерістен өтіп, «Ювентуспен» келісімшартқа отырады.
Айта кетейік, Джан мансабын мюнхендік «Баварияда» бастаған. Кейін «Байер» пен «Ливерпульдің» намысын қорғады. Өткен маусымнан соң ливерпульдік клубтан еркін агент ретінде кетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или