Ирандық әйелдер 39 жылдан кейін футбол көру құқығына ие болды. Фото
1979 жылдан бері ирандық әйелдер ер азаматтармен қатар футбол тамашалау құқығынан айырылған болатын. Енді заман талабына сай өзгеріске ұшыраған Иран билігі нәзік жандыларға сүйген спорт түрін қызықтауға толығымен рұқсат берген. Бұл туралы Nur.kz жазды.
Иран құрамасы мен Испания арасындағы ойын кезінде тарихи оқиға орын алды. Иран мемлекеті 1979 жылдан бері тұңғыш рет әйелдерге ерлермен бірге футбол тамашалауға рұқсат берді.
Тегерандағы «Азади» стадионына жиналған жұртшылық арасында әйелдер қауымы да бой көрсеткен. Жиналған 10 мыңнан аса жанкүйердің қолдауына қарамастан ирандықтар Испаниядан жеңіліс тапты.
Топтық тізімде Иран үш ұпаймен сәйкесінше үшінші орынды иеленді.







Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или