Әлем чемпионатында қазақстандық 12 жасар бала мемлекеттің туын алып жүрді
Алматылық 12 жасар футболшы Алан Адахаев Мәскеуде өткен әлем чемпионатының ашылу рәсімінде Қазақстанның туын алып шықты.
«Қайрат» футбол клубы академиясының тәрбиеленушісі «Газпромның» балаларға арналған «Футбол достық үшін» халықаралық әлеуметтік бағдарламасының қатысушысы болды. Ол 211 мемлекеттен келген жас футболшылармен бірге әлем чемпионатының ашылу рәсіміне шақырту алған.

Сонымен қатар «үлкен футбол» күндері жас ойыншыларға арналып өзіндік чемпионат ұйымдастырылған. Олар 8 топтағы 32 құрамаға бөлініп, командалардың атауы сирек кездесетін және жоғалып жануарлардың атымен қойылған.
Алматылық Алан Адахаев «Коала» құрамасына түсіп, көпшіліктің даусымен команда капитаны болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или