Роман Григорчук: Біз кез-келген қарсыласқа дайын болуымыз қажет

Роман Григорчук: Біз кез-келген қарсыласқа дайын болуымыз қажет

Кеше UEFA Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, «Астанаға» қаратаулық «Сутьеска» командасы қарсылас атанды, деп жазады prosports.kz.

Жеребе қорытындысына байланысты елордалық команданың бас бапкері Роман Григорчук клубтың баспасөз қызметіне өз ойын айтты:

- Жеребе нәтижесін алдын ала ешқашан болжай алмайтындықтан, мен оған аса ерекше мән бере бермеймін. Ал қарсыласқа келер болсақ, біз кез-келген қарсыласқа барынша дайын болуымыз қажет. Біздің бапкерлер құрамы «Сутьеска» командасын зерттеп, ақпарат жинақтап жатыр. Ал футболшылар қаратаулықтарға қарсы ойын туралы бас ауыртпауы қажет. Себебі, Чемпиондар Лигасына дейін бізде чемпионатта бірнеше ойын бар. Соның ішінде «Қайратқа» қарсы маңызды матч. Дәл осы ойынға команда ойыншылары барынша жауапкершілікпен қарап, үлкен дайындықпен келуі қажет.

- Сіздің ойыңызша алғашқы кездесу қай жақта өткені маңызды?

- Мен үшін ешқандай айырмашылығы жоқ. Менің еңбек жолымда әртүрлі болды. Мысалға, еурокубоктар аясында жеткен маңызды жеңістердің алғашқы кездесулері өз алаңымызда өткен болатын. Сондықтан, бірінші матчтың қайда өткендігі аса маңызға ие емес.

- Қазақстан чемпионатының нағыз қызып, ал Қаратаудағы маусымның басталмағандығын ескеретін болсақ, бұл «Астанаға» басымдық бере ме?

- Бұл жерде екіжақты фактор бар. Біз бір жағынан осы матчқа өте жақсы ойын формасында келуіміз қажет. Ал екінші жағынан біздің команданың ойын күнтізбесі өте тығыз. Футболшылар тез арада қалыпқа келіп үлгерулері қажет. Осы жағынан алғанда бұл жағдай кері әсерін беруі мүмкін. Алайда, біз қаратаулықтарға қарсы кездесуге барынша тыңғылықты дайындалатын боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или