Қазақстандық клубтардың Еуропа лигасындағы қарсыластары анықталды

Қазақстандық клубтардың Еуропа лигасындағы қарсыластары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Швейцарияның Ньон қаласында 2018/2019 жылғы Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Аталған турнирде биыл ел намысын «Тобыл», «Ертіс» және «Қайрат» клубтары қорғайды.

Алдымен бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, қостанайлық «Тобылдың» алғашқы қарсыласы «Самтредия» (Грузия) командасы болды.

Алғашқы матч 12 шілде Грузияда, қарымта ойын 19 шілде Қостанайда өтеді.

Ал алматылық «Қайрат» Энгордани (Андорра) – Фольгоре «Андорра) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Алматылықтар да алдымен сырт алаңда өнер көрсетеді.

Павлодарлық «Ертістің» жолы алғашқы айналымда «Сефн Друидс» (Уэльс» - «Тракай» (Литва) жұбының жеңімпазымен түйіседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер