Деспотович клуб сұрмергендері тізімінде Кояшевич пен Каньясты қуып жетті
«Астана» - «Ертіс» арасындағы кездесуде шабуылшы Джордже Деспотович павлодарлық команданың қақпасына бір гол соққан болатын, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Осылайша, сербиялық шабуылшы «Астана» сапында соққан голдарын 17-ге жеткізіп, клуб сұрмергендері тізімінде Дамир Кояшевич пен Рохер Каньясты қуып жетті.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Енді осы үш ойыншы да клуб сұрмергендері тізімінде 7-ші орынды өзара бөлісіп тұр.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Айта кетейік, бұл тізімде бірінші орында Патрик Твумаси келе жатыр. Ганалық шабуылшының еншісінде 69 гол бар. Екінші және үшінші орынды Таңат Нөсербаев (54 гол) пен Жуниор Кабананга (38) бөлісіп тұр.</span>