Қазақстан құрамасының бұрынғы қарсыласы Сенегалға есе жіберді

Қазақстан құрамасының бұрынғы қарсыласы Сенегалға есе жіберді

Футболдан Ресейдегі әлем чемпионатында польша құрамасы Сенегалмен кездесті.

Польша үшін доп додасын жеңіліспен бастау өте тиімсіз болатын. Өйткені, бұл топта Жапония мен Колумбия сынға түседі. Олардың ешқайсысы ұпай үлестіре қоятын құрамалар санатына жатпайды.

Матч фавориті саналған еуропалықтар белсенді ойын көрсеткенімен, сенегалдықтарға есе жіберді. 37-минутта Тиаго Цйонек өз қақпасына гол соғып алды.

Екінші голдың авторы М'Байе Ньянг атанды. Сенегалиялықтарға бос қақпаға гол соғу қиындық тудырмады.

Екінші таймның соңында поляк Гжегож Крыховяк есеп айырмасын қысқартты. Ойын 2:1 есебімен Сенегалдың жеңісімен аяқталды. Аталмыш топтағы келесі тур 24 маусымда өтеді. Бұл турда Сенегал мен Жапония, Польша мен Колумбия кездеседі.

Польша – Сенегал – 1:2

Голдар: Тиагу Ционек (37), М'Байе Ньянг (60), Гжегож Крыховяк (87).

Еске сала кетейік, Польша осы турнирге іріктеу кезінде Қазақстан құрамасының қарсыласы болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или