Саян Хамитжанов: Қарсыласымыз өте қарымды
«Астана»2018/19жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасы бірінші іріктеу кезеңінде«Сутьеска» (Черногория)командасына қарсы ойнайды. Жеребе қорытындысы туралы клуб Президенті Саян Хамитжанов өз пікірімен бөлісті, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">- Бізге қазақстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс емес команда қарсылас атанғандығына қарамастан, ешкім де оңай қарсыласқа тап болдық-ау деген ой болмауы тиіс. «Сутьеска» командасы «Рома» және «Ювентус» сапында жасындай жарқылдаған Черногорияның үздік ойыншыларының бірі Мирко Вучиничті тәрбиелеген клуб. </span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">«Сутьеска» - Черногорияның қазіргі чемпиондары. Ал бұл құрама 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасын екі ойында 8-0 есебімен жеңген болатын. Балқан түбегінің командалары жаңашыл, агрессияға толы ойын көрсететін, өз қатарына шебер ойыншылар жинақтаған мықты ұжымдар. </span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Сондықтан, «Астана» бапкерлер құрамы аз ғана уақыт ішінде қарсылас команда ойынын талдап үлгеріп, екі ойыннан тұратын теке-тіреске толықтай дайын болады деген сенімдемін. «Астана» осыған дейін Черногория елінің клубтарымен бірде-бір мәрте жолыққан жоқ. Сол себепті, алдағы кездесу жанкүйерлер үшін қызық болады деген ойдамын.</span>