«Астана» черногориялық қарсыласынан алты есе қымбат

«Астана» черногориялық қарсыласынан алты есе қымбат

Швейцарияның Ньон қаласында 2018/2019 жылғы Еуропа Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, «Астана» командасы өз қарсыласын білді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Елордалықтар Чемпиондар лигасындағы бірінші іріктеу сатысында черногориялық «Сутьеска» командасымен кездеседі.

Алғашқы матч 10/11 шілде Астанада, қарымта ойын 17/18 шілде Черногорияда өтеді.

Бұл жұпта қағаз жүзіндегі фаворит біздің елдің командасы. Өйткені, қазақстандықтар қарсыластарынан алты есе қымбат екен. Анқытап айтар болсақ, «Астана» ойыншыларының құны - 18 млн 550 мың еуро. Ал қарсыластарының бағасы - 3 млн 830 мың еуро.

«Астана» сапынан ең қымбат ойыншы Дмитрий Шомко мен Патрик Твумаси - 2 миллиона еуро тұрады. Ал «Сутьеска» командасының ең бағалы ойыншысы Дарко Булатович - 325 мың еуроға бағаланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или