«Астананың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды

«Астананың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Швейцарияның Ньон қаласында 2018/2019 жылғы Еуропа Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Аталған турнирге биыл да ел чемпионы - «Астана» командасы қатысады.

Алдымен бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, елордалықтардың алғашқы қарсыласы «Сутьеска» (Черногория) командасы болды.

Алғашқы матч 10/11 шілде Астанада, қарымта ойын 17/18 шілде Черногорияда өтеді.

Араға аз уақыт салып екінші іріктеу кезеңінің де жеребесі тартылды.

Нәтижесінде «Астана»-«Сутьеска» жұбының жеңімпазы Данияның «Митьюлланд» командасымен кездесетін болды.

Екінші кезеңнің кездесулері 24/25 шілде және 31 шілде/1 тамыз күндеріне жоспарланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер