Аслан Дарабаев: Жігіттер жігерлік таныта білді

Аслан Дарабаев: Жігіттер жігерлік таныта білді

«Тобыл» ойыншысы Аслан Дарабаев «Атырауға» қарсы матч туралы пікір білдірді. Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз-қызметі жазды.

- Біз едәуір үзілістен соң алаңға қайта шықтық. Сол себепті де кездесу қиынға соқты. Осындай үзілістен соң және алаңның сапасын ескерсек, ойынға кірігіп кету оңай шаруа емес. «Атырау» соңғы турларда жақсы қарқын алды. Өздеріне сенім жиған жігіттерді жеңу үшін көп еңбектендік. Бір жағынан, ойын тағдырын шеше алатын шебер орындаушыларымыздың болғаны қуантады, - деді Дарабаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или