Роман Григорчук: Быстров па? Менің команамда ондай ойыншы жоқ
«Астана» - «Ертіс» (3:0) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін, елорда командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:
- Біз өте маңызды жеңіске қол жеткіздік. Бірінші кезекте осы ойынға үлкен жауапкершілікпен келген ойыншыларыма үлкен алғыс білдіремін. Себебі, команда соңғы рет 17 күн бұрын ойын өткізгенін ескерсек, бүгінгі кездесуге барынша кәсіби түрде келген командаға алғыс айтамын.
- Еурокубоктар алдында команда қатарына жаңа ойыншылар қосыла ма?
- Әзірге мен нақты бір ойыншылардың атын атай алмаймын. Себебі, жоспарлы жұмыстар жүріп жатыр. Ал нақты кімдер келетінін БАҚ-нан білетін боласыздар.
- Роман Муртазаевтың бүгінгі көрсеткен ойыны көңіліңізден шықты ма?
- Роман өте жақсы ойын көрсетті. Бірақ, мен бүгін барлық команданың көрсеткен ойынын ерекше атап өткім келеді. Бүгінгі кездесу біз үшін өте маңызды болды. Бапкерлер құрамының ойынға берген тапсырмасын толықтай орындап шыққан командадан, бір ойыншыны бөліп-жарғым келмейді.
- Юрий Логвиненко ұзақ уақыт жарақаттан кейін негізгі құрамда алаңға шығуға қаншалықты дайын?
- Мен оның өзін жайсыз сезінген кезін байқаған жоқпын. Ол командамен бірге жаттығып жүр. Ойынға толықтай дайын.
- Ресейдің БАҚ өкілдері Марат Быстровты «Астанаға» қосылады деп жазуда. Осы туралы не айтасыз?
- Мен командаға бас бапкер болып келгелі, жаттығу жұмыстарында ондай ойыншыны байқаған жоқпын.