«Астана» «Ертісті» тағы да тас-талқан етті
Футболдан ел чемпионатының 14-турында елордалық «Астана» павлодарлық «Ертісті» қабылдады.
Алғашқы айналымда Павлодарда ел чемпионы қарсыласын 6:1 есебімен жеңген болатын. Бүгін де «Ертіс» «Астанаға» қарсылық көрсете алмады.
Бірінші таймның аяғында Роман Мұртазаев есеп ашқан. 60-минутта Джордже Деспотович алаң иелерінің басымдығын ұлғайтты.
Араға 7 минут салып, Мұртазаев екінші рет қанжығасын майлады. Қорытынды есеп – 3:0.
Осы жеңістен соң «Астана» 40 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді. Ал «Ертісте» 16 ұпай бар.
«Астана» - «Ертіс» 3:0 (1:0)
Голдар: 1:0 – Мұртазаев 40, 2:0 – Деспотович 60, 3:0 – Мұртазаев 67
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или