Каспер Шмайхель әкесіне тәуелді рекордты бұзды
Дания құрамасы биылғы Әлем чемпионатындағы алғашқы матчын Перу футболшыларына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп жазады prosports.kz сайты.
Дәл осы ойында Дания құрамасының қақпасын қорғаған <span>Каспер Шмайхель рекорд жаңартты. Перу құрамасының гол соғуына мүмкіндік бермеген Каспер ұлттық құрама сапында қақпасын 540 минут бойы голдан аман сақтап келеді. Бұл Дания құрамасы тарихында жаңа рекорд.</span>
<span>Бір қызығы, аталған рекорд бүгінге дейін Каспердің әкесі Петер Шмайхелге тәуелді болатын (470 минут). </span>
<span>Бұдан бөлек, Шмайхелдер екеуі де Әлем чемпионатына қатысқан алғашқы әкелі-балалы қақпашылар атанды.</span>
<span>
</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или