Аргентина алғашқы ойында Исландияны жеңе алмады
Ресейде өтіп жатқан Әлем біріншілігінің D тобындағы матчтар басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл топтан алғашқы болып жасыл алаңға Аргентина мен Исландия құрамалары шықты.
Өткен кезекті Әлем чемпионатының ақтық сынына шыққан Аргентина құрамасы бұл ойынның сөзсіз фавориті болатын. Алайда ойын нәтижесі бұл көзғарасты теріске шығарды. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
Қос гол да матчтың бірінші таймында соғылды. Алдымен Маркос Роходан пас алған Серхио Агуэро есеп ашты. Бұл ойынның 19-шы минуты болатын. Бірақ, араға 4 минут салып Альфред Финнбогасон есепті теңестірді.
Ал екінші таймда оңтүстік америкалықтардың көшбасшысы Лионель Месси есепте алға шығатын мүмкіндікті пайдалана алмады. Месси орындаған 11 метрлік айып добын Исландияның қақпашысы қайтарды.
Осылайша, аргентиналық атақты футболшы Әлем біріншілігін сәл сәтсіз бастады. Кеше ғана оның басты бәсекелесі португалиялық Криштиану Роналду Испания қақпасына үш бірдей гол соғып, жанкүйерлерді таңғалдырған еді.
Әлем чемпионаты - 2018
Аргентина - Исландия - 1:1
Гол соққандар: Агуэро 19 - Финнбогасон 23
Аргентина: Вильфредо Кабальеро (В), Николас Тальяфико, Лукас Билья, Лионель Месси, Анхель Ди Мария, Максимилиано Месса, Хавьер Маскерано, Маркос Рохо, Николас Отаменди, Эдуардо Сальвио, Серхио Агуэро.
Исландия: Ханнес Халльдоурссон (В), Биркир Севарссон, Рагнар Сигурдссон, Йохан Гудмундссон, Биркир Бьярнансон, Гильфи Сигурдссон, Альфред Финнбогасон, Кари Арнасон, Арон Гуннарссон, Хердур Магнуссон, Эмиль Халльфредссон