Ақтөбеде Пеле, Неймардың ізін қуғысы келетін ойыншылар өсіп келеді

Ақтөбеде Пеле, Неймардың ізін қуғысы келетін ойыншылар өсіп келеді

Ақтөбеде Месси, Роналду, Пеле сияқты футболшы болуды армандайтын қарадомалақтар өсіп келеді.

Осыдан 2 жыл бұрын балалар футболын дамыту шаралары қолға алынды. Жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, 15 ауыл мен 12 аудан орталығында «Ақтөбе» футбол клубының бөлімшелері ашылды.

Әр 2 ай сайын аудан балалары арасында футболдан турнир өтеді. Балалар ойын қызығына берілген. Былғары допты қақпайлап, қарсыластың қақпасын көздеп жүр. Ойын барысын жаттықтырушы бақылап, бағыт-бағдар беріп жүр. Баланың – аты бала, жеңіліс тапса, кейде, жігері құм болады. Ондайда ағайлары қолдау беріп, қолпаштап қояды. Нұрдәулет Төреғали 7 жасынан бастап  футбол ойнай бастаған. Қазір біраз төселіп, командадағы үздіктер қатарына енген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или