Франция Австралиядан айласын асырды

Франция Австралиядан айласын асырды

Әлем біріншілігінің үшінші күні С тобындағы Франция мен Австралия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ойындағы есеп тек екінші таймда ашылды. 55-ші минутта Антуан Гризманн пенальтиден мүлт кетпеді. Арада 4 минут өткенде Австралия құрамасының ойыншысы <span>Миле Йедина 11 метрлік айыпдобынан </span>таразы басын теңестіріп кеткен. Алайда ойын аяқталуға 10 минут қалғанда Поль Погба қақпаны дәл көздеп, командасына жеңісті әперді.

Әлем чемпионаты - 2018

Франция - Австралия 2:1 (0:0)

Голдар: 58' Гризманн (пен.), 61' Йединак (пен.), 81' Погба

Франция:<span> </span>Уго Льорис (Қ), Бенжамен Павар, Рафаэль Варан, Самюэль Умтити, Поль Погба, Антуан Гризманн, Килиан Мбаппе, Усман Дембеле, Корантен Толиссио, Нголо Канте, Люка Эрнандес.

Австралия:<span> </span>Мэти Райан (Қ), Марк Миллиган, Мэтью Леки, Робби Круз, Эндрю Наббут, Аарон Муй, Миле Йединак, Азиз Бехич, Джошуа Рисдон, Трент Сейнсбери, Томми Рогич.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или