Астана VS Ертіс немесе Григорчуктің алғашқы сынағы

Астана VS Ертіс немесе Григорчуктің алғашқы сынағы

Маусымның 17-сі күні «Астана» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 14-ші туры аясында Павлодардың «Ертісін» қабылдайды. Бұл украиналық маман Роман Григорчуктің елордалықтардың бас бапкері ретіндегі алғашқы ойыны болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір «Астана» 37 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында келеді. Басты бәсекелесі «Қайраттан» бес ұпайға алда. Дегенмен, босаңсуға болмайды. Өйткені, алматылықтардың екі ойыны кем.

Ал 17 маусымда елордалықтарды «Ертіспен» болатын ойын күтіп тұр. Матч еліміздің басты стадионы «Астана Аренада» сағат 17:00-де басталады. Жалпы, ел футболының тарихында қос команда өзара 33 рет кездесіпті. Соның 19-ында «Астана» жеңіске жетсе, 8 матч тең аяқталып, алтауында павлодарлықтар басым түскен екен. Соңғы рет «Астана» мен «Ертіс» биыл сәуірдің 7-сінде Павлодарда кездесіп, елордалықтар 6:1 есебімен ірі жеңіске қол жеткізген болатын.

Дегенмен, алдағы кездесу «Астананың» жаңа бапкері Роман Григорчук үшін Қазақстандағы алғашқы матч болмақ. Ұлттық құрамамыздың ойынына байланысты орын алған үзілістен кейін команда 8 маусым күні қайта жаттығуға кіріскен. Ұлттық құрама ойыншылары командаға 11 маусымда қосылды.

«Астана» – «Ертіс» кездесуіне билеттерді интернет дүкендерінен немесе ойын болатын күні стадион кассаларынан сатып алуға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или