ФИФА Уругвай – Мысыр матчын зерттемек

ФИФА Уругвай – Мысыр матчын зерттемек

Уругвай мен Мысыр арасында өткен матчта стадион толы болған жоқ. Бірақ ФИФА матчтың барлық билеттерін сатқан болатын.

Енді федерация матчқа неге 5 мың жанкүйердің аз келгенін зерттемек. Бұл ойынды стадионнан 27 015 адам тамашалаған.

ФИФА ақпаратына сүйенсек, матчта 32 278 билет сатылған. Ал стадионға 33 мың жанкүйер сыяды.

Билет сатылғанымен, жанкүйерлер келмей қалған орындар төменгі трибуналарда екен. Сондықтан, бос орындар трансляцияға түсіп, ойынның көркін бұзған.

Естеріңізге салсақ, бұл матчта Уругвай Мысырды 1:0 есебімен жеңген болатын. Ойындағы жалғыз голды Хосе Мартин Хименес матч соңында соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или