Әлем футболы

Португалия – Испания: негізгі құрам

Португалия – Испания: негізгі құрам
news-banner7
mobile-news-top

Мундиальдың топтық кезеңіндегі ең маңызды матч - Португалия – Испания ойынына шығатын футболшылар белгілі.

Осы мундиальдың топтық кезеңіндегі ең маңызды матч. Құрамында Еуропаның беделді клубтарында өнер көрсететін жұлдыздарға толы қос құрама сарапшылардың айтуы бойынша, «В» тобының алғашқы орындарын сарапқа салмақ. Осы ойында кім жеңіске жетсе, төрттіткен сол бірінші орынмен шығуы тиіс. Португалия құрамасы қарсыластары секілді Әлем чемпионы атағымен мақтана алмайды. Бірақ, бұл команданың «айды аспаннан шығару» қабілеті барын айта кеткен жөн. Оған мысал, 2016 жылғы Еуропа чемпионатында топ жаруы. Бүгінде сол чемпион команданың құрамы өзгермеген. Криштиану Роналду бастаған португалдықтар тек жүлде үшін келгенін жасырмайды. 2010 жылғы Әлем чемпионы Испания құрамасы мундиальдың басталуына екі күн қалғанда бас бапкері Хулен Лопотегидің орнын босатты. Қазіргі таңда команда тізгінін әйгілі испандық қорғаушы Френандо Йерро ұстаған. Мамандардың айтуы бойынша құрама ішінде қазіргі таңдағы атмосфера бұзылған болуы тиіс. Бас бапкердің орнынан кетуі ойыншылардың көңіл-күйіне әсер етуі әбден мүмкін.

Тартысты бәсекені бүгін сағат 23:50-де «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.

Назарларыңызға алаңға бірінші минуттан шығатын қос команданың негізгі құрамын ұсынамыз:

Португалия: Патрисиу – Соареш, Пепе, Фонте, Геррейро – Карвалью, Моутинью, Бруно Фернандеш – Бернарду Силва, Гедеш, Роналду

Испания: Де Хеа – Начо, Пике, Рамос, Альба – Бускетс, Коке – Давид Силва, Иско, Иньеста – Диего Коста

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер