Әлем футболы

Марокко Иранға есе жіберді

Марокко Иранға есе жіберді
news-banner7
mobile-news-top

Әлем біріншілігінің екінші күні В тобындағы Марокко мен Иран құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл матч қос команда үшін де маңызды болды. Себебі, бұл топта азулы Испания және Португалия құрамалары бар. Марокколықтар 20 жылдан кейін мундиальға қайта оралды. Футбол тарихында ақтық сынға бесінші рет шығып отырған Эрве Ренар шәкірттері іріктеу сынында нағыз сенсация жасаған командалардың бірі болды. Ал, Карлуш Кейруш баптайтын Иран құрамасы Ресейдегі біріншілікке алғашқылардың бірі болып өтті. Азия құрлығындағы іріктеу сынында өз топтарында қарсылас шақ келтірмеді. Бұл Әлем чемпионаты ирандықтар үшін де тарихындағы бесінші мундиаль. 2014 жылы Бразилияда өткен турнирде ирандықтар топтан шыға алмаған еді.

Ойынды Марокко құрамасы қарқынды бастады. Алғашқы минуттардан қарсыласының қақпасын торауылдап, гол соғуға тырысқан. Дегенмен бірінші таймның соңына таман Иран құрамасы ойынды өз қолдарына алды. Екінші таймда қос ұжым теңдей өнер көрсетті. Бірнеше қауіпті сәттер болғанымен, стадионға жиналған жанкүйерлер ойын соңына дейін гол көре алмады. Тек бас төреші қосқан қосымша 6 минутта Марокко құрамасының ойыншысы Азиз Бухаддуз өз қақпасына гол соғып алды.

В тобындағы екінші ойын Астана уақытымен түнгі сағат 23:50-де басталады. Аталмыш кездесуде топтың фавориттері Португалия мен Испания құрамалары күш сынасады.

Әлем біріншілігі - 2018.

Марокко - Иран - 1:0 (0:0)

Гол: Азиз Бухаддуз +90' (өз қақпасына)

Марокко: Эль Кажуи (Қ), Хакими, Бенатья (К), Саисс, Зийех, Аль-Ахмади, Эль Кааби, Беланда, Буссуфа, Амрабат, Арит.

Иран: Беранванд (Қ), Хаджсафи, Чешми, Шоджаи (К), Пурлиганджи, Эбрахими, Ансарифард, Амири, Джаханбахш, Азмун, Резаэян.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер