Ресей құрамасынан жеңілген Саудиялық футболшыларға айыппұл салынады

Ресей құрамасынан жеңілген Саудиялық футболшыларға айыппұл салынады

<span>«Әлем Чемпионаты – 2018» футболдан әлем чемпионатында ресейліктерден ойсырай жеңілген Сауд-Арабиясының құрама футболшылары тәртіптік жазаға тартылады. Бұл туралы «eadaily.com» агенттігі Саудия футбол федерациясының басшысы Адель Иззаттың ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды. </span>

<span>«Әлем чемпионатының ашылуындағы жеңілісіміз бізге қатты батуда. Біздің дайындығымыздың деңгейі бұндай көрсеткішке сай емес еді. Сондықтан бұл қанағаттанарлық нәтиже емес», - деп мәлімдеген А.Иззат. Сондай-ақ, ол айыппұлды әсіресе қақпашы Абдуллаһ әл-Майюфқа, шабуылшы Мұхаммед әс-Сахлавиге және қорғаушы Омар Хавсавиге салатынын да айтып өтті. Алайда ол айыппұл мөлшерін ашып айтпады. </span>

<span>Кеше, 14 маусымда Ресейде «Әлем чемпионаты – 2018» футбол матчы басталғаны бәрімізге белгілі. Жарыстың бірінші күні ресейлік құрама командамен кездескен саудиялықтар 5:0 есебімен жеңілген еді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или