Португалия – Испания ойыны мундиальдың топтық кезеңіндегі ең маңызды матч
Әлем біріншілігінің екінші күні үш бірдей матч өтеді. Күннің шымылдығын Мысыр мен Уругвай құрамалары ашқан. Аталған ойын 1:0 есебімен Уругвайдың пайдасына шешілді. Ал артынша Марокко – Иран және Португалия – Испания ойындары өтеді.
FIFA-2018. Марокко – Иран
Бұл матч қос команда үшін де маңызды болмақ. Себебі, бұл топта азулы Испания және Португалия құрамалары бар. Марокколықтар 20 жылдан кейін мундиальға қайта оралды. Футбол тарихында ақтық сынға бесінші рет шығып отырған Эрве Ренар шәкірттері іріктеу сынында нағыз сенсация жасаған командалардың бірі болды. Ал, Карлуш Кейруш баптайтын Иран құрамасы Ресейдегі біріншілікке алғашқылардың бірі болып өтті. Азия құрлығындағы іріктеу сынында өз топтарында қарсылас шақ келтірмеді. Бұл Әлем чемпионаты ирандықтар үшін де тарихындағы бесінші мундиаль. 2014 жылы Бразилияда өткен турнирде ирандықтар топтан шыға алмаған еді.
Аталған ойынды бүгін сағат 20:50-де «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Португалия – Испания ойыны мундиальдың топтық кезеңіндегі ең маңызды матч
Осы мундиальдың топтық кезеңіндегі ең маңызды матч. Құрамында Еуропаның беделді клубтарында өнер көрсететін жұлдыздарға толы қос құрама сарапшылардың айтуы бойынша, «В» тобының алғашқы орындарын сарапқа салмақ. Осы ойында кім жеңіске жетсе, төрттіткен сол бірінші орынмен шығуы тиіс. Португалия құрамасы қарсыластары секілді Әлем чемпионы атағымен мақтана алмайды. Бірақ, бұл команданың «айды аспаннан шығару» қабілеті барын айта кеткен жөн. Оған мысал, 2016 жылғы Еуропа чемпионатында топ жаруы. Бүгінде сол чемпион команданың құрамы өзгермеген. Криштиану Роналду бастаған португалдықтар тек жүлде үшін келгенін жасырмайды. 2010 жылғы Әлем чемпионы Испания құрамасы мундиальдың басталуына екі күн қалғанда бас бапкері Хулен Лопотегидің орнын босатты. Қазіргі таңда команда тізгінін әйгілі испандық қорғаушы Френандо Йерро ұстаған. Мамандардың айтуы бойынша құрама ішінде қазіргі таңдағы атмосфера бұзылған болуы тиіс. Бас бапкердің орнынан кетуі ойыншылардың көңіл-күйіне әсер етуі әбден мүмкін.
Тартысты бәсекені бүгін сағат 23:50-де «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар