Әлем футболы

Роналду бастаған топ Испанияны жеңе ала ма

Роналду бастаған топ Испанияны жеңе ала ма
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңінің айтулы матчтарының бірі бүгін өтеді. Назарларығызға «B» тобының алғашқы матчына өз болжамымызды ұсынамыз.

Әлем чемпионаты - 2018. B тобы. 1-тур

15.06.2018. 00:00 . Сочи. «Олимпийский» стадионы

Португалия - Испания

Қазіргі Еуропа чемпионы Португалия құрамасы бұрынғы әлем чемпионы және 2012 жылғы Еуропа чемпионы Испания құрамасымен ойнайды. B тобының мықтылары жарысты жалғастыруға мүмкіндік алады деп сеніммен айтуға болады (Иран мен Марокко құрамаларының плей-оффқа шығуы, өкінішке орай, екіталай жағдай).

Роналду бастаған футболшылар көршілері-испандықтармен жиі кездесіп тұрады. Олардың барлығы дерлік - жолдастық кездесулер. Еуропаның футбол алпауыттары 36 кездесу өткізіп, «Қызыл фурия» 16 рет, «Селесау» 6 рет жеңіске жетсе, 14-інде бейбітшілікпен тарқасты. Екі құрама 2010 жылы Оңтүстік Африкадағы дүбірлі доданың соңғы кезеңіне дейін жетіп, Испания Давид Вилланың арқасында Әлем Чемпионы атанған болатын.

Испания - алдағы кездесулердің айқын фавориті. Алғашқы матчты жаңа жаттықтырушының қанатының астында қалай өткізетінін болжау өте қиын. бірақ та Криштиану Роналду Испания құрамасының футболшыларының ойын тәсілімен жақсы таныс болғандықтан, өз командасын алға сүйрейді деп ойлаймын.

Испания құрамасы бұл ойында бір голмен тоқтап қалмайды. Сондықтан, кем дегенде екі гол соғады деген болжамым бар.

Бәс: Испания жеке тоталы (1) көп – 1.54 коэффициент

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер