Сауд Арабиясының спорт комитетінің жетекшісі: Ойыншыларым мені қара бет қылды

Сауд Арабиясының спорт комитетінің жетекшісі: Ойыншыларым мені қара бет қылды

Сауд Арабиясының спорт комитетінің жетекшісі Турки Аль аш-Шейх Әлем чемпионатының топтық кезеңінің бірінші турында өнер көрсеткен өзінің ұлттық құрамасын сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Ойыншылар сәтсіздікке ұшырап, мені қара бет қылды. Біз әлемнің үздік жаттықтырушыларымен келісім-шарт жасағандағы футболшылардың жеткені осы ма еді? Өкінішке орай, құраманың қауқары осы деңгейге ғана жетті», — дейді спорт комитетінің жетекшісі.

Естеріңізге  сала кетейік, кешегі өткен ойында Сауд Арабиясы Ресейден ірі есеппен ұтылған болатын (0:5).

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или