«Қайрат» ел Кубогында «Ертісті» ұтты
Алматылық «Қайрат» Қазақстан Кубогының жартылай финалдық кезеңіндегі алғашқы матчта керекулік «Ертісті» ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматы қаласында өткен кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. «Қайраттың» сапында бірінші таймда Исламбек Қуат пен Бауыржан Исламхан көзге түсті.
Айта кетейік, қарымта ойын 27 маусым күні Павлодар қаласында өтеді.
Қазақстан Кубогы. Жартылай финал
«Қайрат» - «Ертіс» 2:0 (2:0)
Голдар: 7’ Қуат, 27’ Исламхан
«Қайрат»: Стас Покатилов - Сергей Кейлер, Нұралы Әліп, Айбол Әбікен, Александр Соколенко - Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Ян Вороговский, Акмаль Бахтияров - Вячеслав Швырев.
«Ертіс»: Никита Калмыков - Руслан Есімов, Александр Кислицын, Милош Стаменкович, Дмитрий Шмидт - Адриан Гомес, Сергей Кисляк, Илья Калинин, Павел Шабалин, Владимир Воменко - Фуад Салами.