Әлем чемпионатында сәуегей мысық пайда болды

Әлем чемпионатында сәуегей мысық пайда болды

Ахилл есімді мысық әлем чемпионатының ашылу матчына болжам жасаған. Бұл туралы РИО Новости жазды.

Ресей мен Сауд Арабиясының матчында мысық ресейліктердің туы тұрған табақтан тамақ жеген.

Ахилл былтырғы жылы Конфедерация кубогында сәуегей болған еді. Саңырау мысық сараптамалық қабілетінің арқасында таңдалған екен.

Айта кетейік, Ресейдегі әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде арасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или