«Манчестер Юнайтед» тағы да әлемнің ең қымбат клубы атанды

«Манчестер Юнайтед» тағы да  әлемнің ең қымбат клубы атанды

Атақты Forbes журналы әлемдегі ең қымбат клубтардың рейтингін шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі russian.rt.com порталына сілтеме жасап.

Тізімде екінші жыл қатарынан «Манчестер Юнайтед» футбол клубы көш бастап келеді. Ағылшын клубының бренді 3,511 миллиард еуро құрайды. Өткен жылы олардың құны 3,143 миллиард еуро болған.

Екінші орын Мадридтің «Реал» (3,482 миллиард) командасына бұйырды. Ал, үздік үштікті 3,461 миллиард еуромен тағы бір испаниялық клуб «Барселона» иеленді.

Forbes журналы ұсынған әлемнің ең қымбат 10 клубымен таныс болыңыздар:

4. «Бавария» (Германия) – 2,608 миллиард еуро;

5. «Манчестер Сити» (Англия) – 2,107;

6. «Арсенал» (Англия) – 1,906;

7. «Челси» (Англия) – 1,755;

8. «Ливерпуль» (Англия) – 1,655;

9. «Ювентус» (Италия) – 1,253;

10. «Тоттэнхэм» (Англия) – 1,053.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или