«Ертіс» клубының бас бапкері тағайындалды

«Ертіс» клубының бас бапкері тағайындалды

«Ертіс» ФК-ның бас бапкері болып Ойрат Садуов тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

57 жастағы Ойрат Садуов - жергілікті футболдың тәрбиеленушісі, әрі павлодарлық клуб сапында (Трактор, Ансат) ойындарға қатысу саны бойынша рекорд иесі. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, капитан атанған. Садуов бұған дейін де «Ертіс» ФК-ны жаттықтырған (2014 жыл). Ол сондай-ақ петропавлдық «Есіл-Богатырь» ФК-ның және Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері болды. Соңғы уақыттарда «Ертістің» спорттық директоры міндетін атқарды.

49 жастағы бапкер қорғаушы ретінде ресейлік чемпионаттың жоғарғы лигасында және Ресей құрамасының сапында 248 ойын өткізген. Жасөспірімдер құрамасының және тульдік «Арсеналдың» бапкерлік штабында болған.

Айта кетейік, «Ертіс» ФК бүгін сағат 19:00-де Алматының орталық стадионында «Қайратқа» қарсы ҚР кубогының финалдық жолдамасын сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или