Футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанатын қайдан көруге болады
Бүгін, 14 маусым күні Ресейде футболдан 21-інші Әлем чемпионатының ресми ашылуы өтеді. «Qazaqstan» телеарнасы айтулы доданы тікелей эфирден көрсетеді.
<span>Мәскеудегі «Лужники» стадионында өтетін чемпионаттың ашылу салтанатына FIFA президенті Джанни Инфантино, Ресей басшысы Владимир Путин, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен өзге де бірнеше мемлекеттің басшылары қатысады деп күтілуде. </span>
<span>Аталмыш шара 14 маусым - 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласында өтеді, атап айтқанда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Ростов-на-Дону, Самара және Саранск. Чемпионатқа әлемнің 32 үздік ұлттық құрамалары қатысады. Айта кетейік, Ресей өз тарихында тұңғыш рет Әлем чемпионатын ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болды. </span>
<span>Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандықтар FIFA- 2018 ойындарының ашылу салтанаты (астана уақытымен 20.30) мен чемпионаттың Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы (астана уақытымен 21.00) алғашқы матчын «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей көре алады. Ал Астана тұрғындары мен қонақтары үшін оны ашық аспан астында - «Қазмедиа» орталығының үлкен экранынан тамашалау мүмкіндігі бар. </span>
<span>Айта кетейік, футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалы 30 маусым күні, ал қазақстандықтар Астана күнін тойлап жататын 6 шілде күні - ширек финал басталады. Жартылай финал 10-шы және 11-ші шілде күндері, финал 15 шілде күні өтеді.</span>