Испания құрамасының бас бапкері белгілі болды

Испания құрамасының бас бапкері белгілі болды

«Реалдың» бұрынғы футболшысы Фернандо Йерро Испания құрамасының тізгінін ұстады.

Бүгін испаниялық команданың бас бапкері Хулен Лопетеги қызметінен кеткен болатын. Енді Лопетеги «Реал Мадридті» жаттықтырады.

Йерро Испания футбол федерациясының спорт директоры қызметін атқарған еді. Бүгін ол ұлттық командамен бірге алғашқы жаттығуын өткізеді.

2018 жылғы әлем чемпионатында испаниялықтар Португалия, Иран және Мароккомен бір топта ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или