Марко Станоевич «балаларға арналған футбол» науқанына қатысты

Марко Станоевич «балаларға арналған футбол» науқанына қатысты

«Астана» Президенттік клубының құрамына енетін «Астана»футбол клубы әлеуметтік жобаларды дамытуға арналған «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен «балаларға арналған футбол» науқаны бойынша елорда мектептерінде мастер-класс өткізуді жалғастыруда, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.

Бұл акция бойынша бүгін, яғни 13 маусым күні №23 мектептің ашық алаңында қаламыздың «Лесозавод» ауданында орналасқан 4 мектептің оқушылары жиналып,  «3-6» сынып оқушыларына ашық дене шынықтыру сабақтары өткізілді.

Аталмыш сыныптың оқушыларына ашық дене шынықтыру сабағын «Астана» футбол орталығының жаттықтырушысы Александр Коночкин пен команда жартылай қорғаушысы Марко Станоевич жүргізді.

Александр мен Марко жылдамдық, допты алып жүру, пас беру сияқты футбол дағдылары бойынша балаларға өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ ашық сабақтың қызықты өтуіне Қазақстан фристайл федерациясының өкілі өз үлесін қосып, іс-шара барысында балалардың көңілін көтерумен болды.

Ашық сабақ соңында мектеп оқушылары мен ұстаздарына естелік сыйлықтар мен 17 маусым күні «Астана Арена» стадионында өтетін «Астана» және «Ертіс» командалары арасындағы ойынға билеттер табыс етілді.

Айта кетейік, «Астана» футбол клубы стадионның Е8 секторын «отбасылық сектор» жасауды жоспарлап отыр. Ал балаларға арналған футбол науқанының қатысушылары ата-аналарымен бірге осы секторда «Астана» футбол клубының өз алаңындағы кездесулерінде елордалық командаға жанкүйерлік ететін болады.

Еске сала кетейік, 17 маусым «Астана Арена» стадионында елордакомандасы «Ертіспен» кездеседі. Ойын 17:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или