русский язык
Әлем футболы

Испания құрамасы бас бапкерін қызметінен қуды

Испания құрамасы бас бапкерін қызметінен қуды
news-banner7
mobile-news-top

Испания ұлттық құрамасы Әлем чемпионаты басталуына бір күн қалғанда бас бапкерін қызметінен қуды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бүгін Астана уақты сағат 15:30-да Испания футбол федерациясының баспасөз жиыны өтті. Дәл осы отырыста құраманың бас бапкері Хулен Лопетеги құрамадағы қызметін тоқтататыны хабарланды.

Бұған себеп, бас бапкердің өз бетімен «Реал Мадрид» командасымен келіссөз жүргізуі болып отыр.

Естеріңізде болса, кеше ғана «Реал» клубы Хулен Лопетегимен үш жылдық келісімшартқа қол қойғандарын мәлімдеген болатын.

Лопатеги Ресейдегі Әлем чемпионаты аяқталған соң ғана клубқа келеді деп жоспарланған болса да, бас бапкердің аяқасты жаңа қызметке отыруы ұлттық құраманың ойыншыларын таңғалдырған. Тіпті, құраманың ынтымағына кері әсер еткен көрінеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;