Верратти ПСЖ командасынан кетуі мүмкін

Верратти ПСЖ командасынан кетуі мүмкін

ПСЖ клубының жартылай қорғаушысы Марко Верратти осы жазда клуб ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды calciomercato. 

<span>Дереккөздің хабарлауынша команданың жаңа бапкері Томас Тухел мен Верратти арасындағы алғашқы кездесу сәтсіз аяқталғанға ұқсайды. </span>

<span>Команданың жаңа бапкері италияндық ойыншыға маусым басталғанша артық салмағынан арылуға кеңес берген. Өз кезегінде бұл Верраттиге ұнамай қалса керек. </span>

<span>Верраттиді қатарларына қосқысы келетін командалар арасында «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Ювентус» клубтары аталуда.</span>

<span>Верратти өткен маусымда париждік команда үшін барлық турнирлерде 42 ойынға қатысып екі гол соққан. </span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или