русский язык
Әлем футболы

«Реал» клубының жаңа бапкерінің есімі белгілі болды

«Реал» клубының жаңа бапкерінің есімі белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

«Реал» клубы Испания құрамасының бас бапкері Хулен Лопетеги клубтың бас бапкері болып тағайындалғандығын хабарлады.

Лопатеги Ресейдегі Әлем чемпионаты аяқталысысмен клубтағы қызметіне кіріседі.

Испандық маман мадридтік командамен үш жылдық келісімге отырады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Хулен Лопетеги бұған дейін «Порту», «Райо Вальекано» клубытарында қызмет атқарған.

Естеріңізге салсақ, «Реал» клубы Зинедин Зидан қызметінен кеткен соң бапкерсіз қалған.

Француздық маман екі жарым жыл қызмет еткен уақытында Чемпиондар лигасында үш рет топ жарды.

Айта кетсек Испания құрамасы Әлем чемпионатында Португалия, Марокко және Иран құрамаларымен бір топта ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;