Манчини: Балотелли Италия құрамасының көшбасшысына айналуы мүмкін
Италия құрамасының бас бапкері Роберто Манчини шабуылшы Марио Балотелли Италия құрамасының көшбасшы ойыншыларының біріне айналатынына сенімді.
«Ия, расымен де мен Болателлиге сенемін. Оның Италия ұлттық құрамасына оралуы футболдағы жетістіктеріне байланысты. Ол қазір жиырма сегізді. Ақыл есі толысқан. Италия құрамасының көшбасшысы болуға барлық қасиеттерге ие», - деді Манчини.
Естеріңізге салсақ, Манчини Италия құрамасы тізгінін мамырдың ортасында ұстаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или