Карлос Бакка Испания чемпионатында қалғысы келеді
Шабуылшы Карлос Бакка Испания чемпионатында ойнай бергісі келетіндігін жасырмады.
Негізінде Бакка <span>«Милан» ойыншысы. Соңғы маусымда «Вильярреал» клубында жалда өткізіп, барлық турнирлерді қосқанда 18 гол соқты. </span>
<span>«Менің мақсатым Испанияда қалу. Дегенмен «Милан» клубымен әлі де екі жыл келісімім бар. Дей тұрғанмен біз бір келісімге келеміз деген үміттемін</span>», -деді Бакка.
Қазіргі уақытта Бакка Колумбия құрамасымен Ресей жерінде өтетін Әлем чемпионатына дайындалып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или