«Леоның жүрегі». «Барселона» Мессиге арнап мультфильм шығарды
«Барселона» футбол клубы Лионель Мессидің өмір жолына арнап, «Леоның жүрегі» атты мультфильм шығарды. 5 минутқа жетер-жетпес туындыда футболшының мансап жолы баяндалған.
Мультфильмде футболшының кішкентай кезінде денсаулығынан кінәрат табылғаны (11 жасында оның ағзасынан соматотропин – өсу гормонының жетіспеушілігі байқалды), арманшыл жастың Барселонаға сапар шегуі, қиын сәттерде рух беретін жағдайлар тамаша көрініс тапқан.
Туынды «адамда арман болса, оны ешкім тоқтата алмайды» деген идеяны негізге алған. Месси «футболшы боламын» деген арман жолында өз мақсатына жетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или