Бір аптадан кейін әлемдік доп додасы басталады
Тура бір аптадан кейін Ресейде футболдан әлем чемпионаты басталады.
Орыс елі дүниежүзілік доп додасына тыңғылықты дайындалды. Су жаңа стадиондар салынды, инфрақұрылым жақсарды. «Ресей футбол аламанын қабылдауға толық әзір» деп мәлімдеді FIFA президенті Джанни Инфантино. Әлемдік футболдың тізгінін ұстаған маман көпшілікті алаңдатып отырған сауалдарға да жауап берді. Мысалы, төрешілер адамдардың нәсіліне, дініне қарсы бағытталған қандай да бір іс-әрекетті байқап қалса, ойынды тоқтатуына болады. Тіпті матчты кейінге шегеріп тастай алады. «Қауіпсіздік мәселесі де басты назарда», – дейді Джанни Инфантино.
Джанни Инфантино, FIFA президенті:
- Ресей билігі қауіпсіздікке қатысты іс-шаралар ауқымын жақсы біледі. Олар жақсы дайындықтан өтті. Полицейлер мен құқық қорғау органдары үкіметпен бірлесіп, көп жұмыс атқарды. Біз нәсілшілдікке жол бермейміз. Оны барлық жауапты тұлғалар біледі.