«Барселона» Гризманның орнына Салахты сатып алмақ
«Барселона» өз сапына мадридтік «Атлетиконың» шабуылшысы Антуан Гризманды қоса алмаса, «Ливерпуль» ойыншысы Мохамед Салахты сатып алмақ.
Франциялық шабуылшы әлі де болса, қай клубта ойнайтынын шеше алмай келеді. Сондықтан, каталониялық клуб басқа ойыншыға назар аударды. «Барселонаның» басшылығы Салахты сатып алу үшін «Ливерпульмен» келіссөз жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Салахқа мадридтік «Реал» да қызығып отырғаны хабарланған. Бірақ «Ливерпуль» өзінің үздік сұрмергенін сатпақ емес.
Өткен маусымда 25 жастағы Салах Премьер-лигада 32 гол соғып, рекорд орнатқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или