Қазақстан мен Әзірбайжан құрамаларының өзара кездесулерінің тарихы

Қазақстан мен Әзірбайжан құрамаларының өзара кездесулерінің тарихы

Бүгін Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары тоғызыншы рет кездескелі отыр.

РЕСМИ ТУРНИРЛЕР

Командалар алғаш рет 2004 жылдың 28 сәуірінде Алматыда алғаш рет жолдастық матч өткізді. Сол ойында Қазақстан құрамасын тарихтағы алғашқы шетелдік бапкер, ресейлік Леонид Пахомов жаттықтырған еді. Кездесу ресейлік маманның ұлттық құрамадағы соңғы ойынына айналды. Алатау бөктерінде Әзірбайжан құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қазақстан құрамасының қатарынан Андрей Карпович пен Евгений Лунев гол соқты.

Қазақстан — Әзірбайжан - 2:3 (0:1)
Голдар: Набиев 33 (0:1), Карпович 56 (1:1), Гулиев 60 (1:2), Лунев 80 (2:2), Садыков 85 (2:3)
Ескерту: Карпович, 41 - Керимов, 7, Амирбаев, 55, Абасов, 69, Крамаренко, 87
Алаңнан қуылған ойыншы: Абасов, 81
Қазақстан: Новиков, Смаков, Ирисметов, Мусин, Лотов (Лунев, 62), Балтиев, Карпович, Жұмасқалиев (Низовцев, 46), Аксенов, Гаркуша (Авдеев, 63), Тлехугов. Тренер - Л.Пахомов
Әзірбайжан: Крамаренко, Шукуров, Амирбаев, Абасов, Садыков, Хусейнов (Пономарев, 46), Керимов (Султанов, 87), Э.Гулиев, Набиев (И.Гурбанов, 79), М.Гурбанов (Абдуллаев, 90+2), Рамазанов (Мусаев, 72). Тренер - К.А.Торрес
Төрешілер: Кадыр Чыныбеков (Қырғызстан)

28.04.2004. Алматы, Орталық стадион. 300 жанкүйер.

Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде екі елдің командалары төрт рет кездеседі. Алғаш рет Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары 2006 жылдың 6 қыркүйегінде Бакуде жолықты. Ойын 1:1 есебімен аяқталды. Әзірбайжан құрамасынан Андре Ладага есеп ашса, біздің Дмитрий Бяков қарымта голды соқты.

Әзірбайжан – Қазақстан – 1:1 (1:1). ЕЧ-2008 іріктеу турнирі.
Голдар: Ладага 16 (1:0), Бяков 36 (1:1)
Ескерту:  Гомеш, 19 - Балтиев, 78, Хохлов, 90+1
Әзірбайжан: Велиев, Соколов (Музыка, 60), Керимов, Рус.Аббасов (Меликов, 46), Чертоганов, Андре Ладага, И.Гурбанов, Имамалиев, Султанов (С.Мусаев, 67), Джавадов, Леандру Гомеш.

Бас бапкер – Шахин Диниев
Қазақстан: Лория, Е.Азовский, Кучма, Жалмағамбетов, Смаков, Карпович (Травин, 68), Сергиенко, Хохлов, Бяков, Балтиев, Жұмасқалиев (Ұтабаев, 76).

Бас бапкер – Арно Пайперс
Төрешілер: Жолт Сабо (Венгрия)

06.09.2006. Баку, Т. Бахрамов атындағы Республикалық стадион. 15 000 жанкүйер.

Қарымта матч 2007 жылдың 6 маусымында Алматыда өтіп, тағы да 1:1 есебімен аяқталды. Гол авторлары -  Вугар Надиров және Руслан Балтиев.

Қазақстан – Әзірбайжанн – 1:1 (0:1)
Голдар: Надыров 30 (0:1), Балтиев 53 (1:1)
Ескерту:  Э.Гулиев 70
Алаңнан қуылған ойыншы: Жалмағамбетов 44
Қазақстан: Лория, Ирисметов, Кучма, Жалмағамбетов, Смақов, Жұмасқалиев (Ұтабаев, 90+3), Чичулин, Карпович, Балтиев, Остапенко (Тілешев, 79), Бяков.

Бас бапкер – Арно Пайперс
Әзірбайжан: Гасанзаде, Р.Гулиев, С.Аббасов, А.Керимов (Имамалиев, 58), Гашимов, Э.Гулиев, Султанов (А.Гурбанов, 74), Чертоганов, Р.Аббасов, Надыров (Х.Мамедов, 84), Субашич.

Бас бапкер – Шахин Диниев
Төрешілер: Альбер Туссэн, Франсуа Манжан и Кристиан Холтген (барлығы - Люксембург)

6.06.2007. Алматы, Орталық стадион. 11 800 жанкүйер.

Келесі кездесу 2012 жылғы Еуропа Чемпионатының аясында өтті. 2011 жылдың 3 маусымында Қазақстан құрамасы елордада 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осы ойында Роман Нестеренко, Марат Хайруллин, Ұлан Қонысбаев және Сергей Гридин еліміздің бас құрамасында алғашқы ойындарын өткізді. Сергей Гридин екі гол соқты.

Қазақстан - Әзірбайжан - 2:1 (0:0)

Голдар: Гридин 57 (1:0), Надиров 63 (1:1), Гридин 68 (2:1)
Ескерту: Шмидтгаль 77
Қазақстан: Нестеренко, Логвиненко (Рожков, 65), Мұхтаров, Нұрдәулетов (к), Гетериев, Смақов, Шмидтгаль, Хайруллин (Киров, 82), Қонысбаев, Гридин, Остапенко (Хижниченко, 79).

Бас бапкер – Мирослав Беранек
Әзірбайжан: Агаев, Меликов, Р.А.Садыгов, Джавадов, Алиев (М.Гусейнов, 79), Р.Ф.Садыгов (к), Абышов, Д.Гусейнов (Надиров, 61), Медведев, Левин, Исмаилов.

Бас бапкер – Берти Фогтс
Төрешілер: Юэн Норрис (Шотландия)

03.06.2011. Астана, «Астана Арена» стадионы. 14 900 жанкүйер.

2011 жылдың 6 қыркүйегінде жауапты ойын Бакуде өтті. Өкінішке қарай, біздің футболшылар 3:2 есебімен жол берді. Еуропа турнирінде ел намысын қорғағандардың ішінде Сергей Остапенко мен Виталий Евстигнеев мергендік танытты. Қазақстан құрамасында дебюттік ойынын өткізген Виталий Евстигнеев кездесудің 77-минутында алаңға шығып, алғашқы соққысымен қарсыластың қақпасын дәл көздеген болатын. Сонымен қатар, Марк Гурман, Марат Шахметов және Серікжан Мужиков ұлттық құраманың жейдесін алғаш рет киген болатын

Әзірбайжан - Қазақстан - 3:2 (0:1)

Голдар: Остапенко 20 (0:1), Алиев 53 (1:1), Шукюров 62 - пенальти (2:1), Джавадов 68 (3:1), В.Евстигнеев 77 (3:2)
Ескерту: Шукюров 88 - Логвиненко 50, Гурман 78

Әзірбайжан: Агаев, Набиев (Юнисоглу, 13), Р.Ф.Садыгов (к), Шукюров, В.Гусейнов, Исмаилов (Абышов, 87), Амиргулиев, Чертоганов (Субашич, 46), Будак, Джавадов, Алиев.

Бас бапкер - Берти Фогтс
Қазақстан: Мокин, Киров, Логвиненко, Рожков (В.Евстигнеев, 77), Гурман, Нұрдәулетов (к), Шахметов (Мужиков, 70), Қонысбаев, Көкеев (Хайруллин, 59), Гридин, Остапенко.

Бас бапкер - Мирослов Беранек
Төрешілер: Андерс Хермансен (Дания)

06.09.2011. Баку, Т.Бахрамов атындағы Республикалық стадион. 12 000 жанкүйер.

ЖОЛДАСТЫҚ МАТЧТАР

Қазақстан мен Әзірбайжан құрамаларының кездесу тарихында «АЛМА-ТВ Кубогы» (турнир бір Шымкентте өткізілді, 9 наурыз, 2017 жыл) халықаралық турнирінің ойыны бар. Финалдық кездесудің негізгі уақытының соңына қарай Андрей Финонченко соққан гол ойынның тағдырын шешті. Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, «АЛМА-ТВ Кубогының» иегері атанды.

Қазақстан - Әзірбайжан - 1:0 (0:0)

Гол: Финонченко 80 (0:1)
Қазақстан: Лория, Е.Азовский, Кучма, Жалмағамбетов, Ирисметов, Скорых, Балтиев, Сергиенко (Смақов, 62), Жұмасқалиев (Камелов, 83), Әшірбеков (Ұтабаев, 71), Сүймағамбетов (Финонченко, 79).

Бас бапкер – А.Пайперс
Әзірбайжан: Велиев, Перейра, Ладага (Бахшиев, 71), Р.Гулиев (Амаргулиев, 88), А.Керимов, Аббасов, Султанов (Джавадов, 75), Гомеш, Имамалиев (Гашимов, 72), К.Керимов (Субашич, 70), Чертоганов.

Бас бапкер – Шахин Диниев
Ескерту: Балтиев 35, Әшірбеков 64, Кучма 86 - Аббасов 29, К.Керимов 34, Чертоганов 53, Бахшиев 84
Төрешілер: Машенцев, Канцуров, Джанибеков (барлығы - Қырғызстан)

09.03.2007. Шымкент, Қажымұқан атындағы стадион. 4 500 жанкүйер.

Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңдері мен халықаралық турнирлерден басқа Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары жолдастық кездесулер өткізді. 2008 жылдың 3 ақпанында Түркияның Анталия қаласында екі құрама кездесті. Сол ойында есеп ашылмай, тең тарқасқан еді. Әзірбайжан ойыншысы пенальтиден мүлт кетті. Есеп – 0:0.

Әзірбайжан – Қазақстан - 0:0

Пенальтиден мүлт кеткен:  Рамазанов 62

Әзірбайжан: Велиев, Меликов, Юнусоглу (Амирбеков, 46), Э.Гулиев, М.Гурбанов, Ас.Керимов (к) (Чертоганов, 26), Р.Гулиев (И.Гурбанов, 85), Аббасов, Рамазанов, Субашич, Х.Мамедов (Пономарев, 74).

Бас бапкер - Гьокица Хаджиевски
Қазақстан: Мокин, Смақов, Кучма, Жалмағамбетов, Е.Азовский, Балтиев, Асанбаев (Ларин, 82), Родионов (Травин, 68), Жұмасқалиев (к), Остапенко (Сүймағамбетов, 85), Бяков (Әшірбеков, 74).

Бас бапкер – Арно Пайперс
Төрешілер: Камиль Аби-оглы (Түркия)

03.02.2008. Анталия (Түркия), «WOW SportCentre» алаңы. 1 500 жанкүйер.

Екі елдің құрамалары 2016 жылдың 26 наурызында Түркияның Белек қаласында жолдастық матч өткізген болатын. Қазақстан құрамасының қатарын бірнеше дебютанттар толықтырды. Олардың Владимир Плотников, Альмир Мухутдинов, Еркебұлан Тұңғышбаев, Роман Муртазаев және Жасұлан Молдақараев бар.

Бұл жолы қазақстандық футболшылар жылдам гол соқты. Кездесудің сегізінші минутында Мақсат Байжанов гол соғып, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады – 1:0.

Әзірбайжан — Қазақстан – 0:1 (0:1)

Гол: Байжанов 8
Ескерту: Қуат 86
Әзірбайжан: Агаев, Медведев (Мирзабеков, 46), Гусейнов (к), Садыхов (Гулиев, 46), Дашдамиров, Гараев (Абышов, 73), Назаров, Абдуллаев (Мамедов, 69), Исмайлов (Алескеров, 61), Рамазанов (Тагиев, 46), Гурбанов.

Бас бапкер - Роберт Просинечки (Хорватия)
Қазақстан: С.Покатилов, Шомко, Логвиненко, Малый, Е.Ахметов, С.Мужиков (Сүйімбаев, 76), Смақов (к) (Тағыберген, 88), М.Байжанов (Қуат, 59), Қонысбаев (Досмағамбетов, 67), Исламхан (А.Нұрғалиев, 64), Хижниченко (А.Щёткин, 71).

Бас бапкердің міндетін атқарушы - Талғат Байсуфинов
Төрешілер: Али Палабийик (Түркия).

26.03.2016. Анталья, Gloria Sports Arena.

Өзара кездесулерінің кестесі:

Құрамалар

О

Ж

Т

Ж

Д/а

Ұ

ФИФАрейтингіндегі орны

Қазақстан

8

3

3

2

10-9

12

117

Әзірбайжан

8

2

3

3

9-10

9

126

Подробнее: http://kff.kz/news/view/1528186184-kazakstan-men-azirbayjan-kuramalarynyn-ozara-kezdesulerinin-tarihy
Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на kff.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или