Гвардиола екі ойынға алаңнан шеттетілді

Гвардиола екі ойынға алаңнан шеттетілді

УЕФА «Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиоланы екі матчқа жазалады.

Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Ливерпульге» қарсы қарымта матчтың бірінші таймынан соң бапкер алаңға шығып, бас қазы Матео Лаосаға айқайлап тастаған болатын. Сол үшін ол алаңнан қуылды. Енді ол 2 матчқа жазаланып отыр.

Гвардиоланы бас төрешінің Лерой Сане соққан голды есептемегені ашуландырған. «Манчестер Сити» «Ливерпульге» екі ойынның қорытындысы бойынша 1:5 есебімен жол берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или