Футболдан әлем кубогы Мәскеуге келді
Футболдан әлем кубогы Мәскеу қаласына келді.
Алты келі тартатын алтын кубок 50-ден астам мемлекет пен Ресейдің 24 қаласын аралап шықты. Енді міне 2018 жылғы доп додасы бастау алатын қалаға жетті. Салтанатты іс-шараға әлем чемпионаттарының финалдық кезеңінде 25 матчқа қатысқан атақты неміс футболшысы Лотар Маттеус келді. Әлем кубогы Мәскеудегі Горький саябағына қойылды.
Енді кез келген жанкүйер футболдағы басты кубокпен естелік суретке түсе алады.
10 күннен кейін басталатын әлем біріншілігі Ресейдің 11 қаласында өтеді. Мәскеудегі алғашқы кездесуде жарыс қожайындары Сауд Арабиясымен алаңға шығады.
– Мәскеу әлемдік спорттың астанасы атанды. Біз Олимпиада ойындарын қабылдадық. Бұл қалада әр спорт түрлерінен әлем чемпионаттары өтті. Енді міне бүгін әлем футболының ордасына айналды, - деді Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин.