«Астана» Ресейдің екінші дивизионынан ойыншы алуы мүмкін

«Астана» Ресейдің екінші дивизионынан ойыншы алуы мүмкін

Ресейлік «Тамбовтың» қорғаушысы Марат Быстров «Астанаға» келіп қосылды. Бұл туралы «Матч ТВ» жазды.

Медициналық тексерістен соң Быстров Қазақстан чемпионы сапында жаттығуды бастайды. 25 жастағы ойыншының «Астанаға» ауыса ма, әлде тек байқауға келді ме – белгісіз.

Айта кетейік, Быстров 2017 жылы қыста «Тамбовқа» «Челябинскіден» ауысқан болатын. Өткен маусымда Ресейдің екінші дивизионында 30 матчқа қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или