«Ордабасының» хорватиялық қорғаушысы «Ақтөбеге» қарсы матчқа қатыса алмайды
Шымкенттік «Ордабасы» командасының қорғаушысы <span>Хрвое Спахия</span> Премьер лиганың 14-ші туры аясында өтетін «Ақтөбеге» қарсы матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды prosports.kz.
Бұған себеп, футболшы өткен турда «Атырауға» (0:2) қарсы ойында сары қағаз алғаны болып отыр. Бұл оның осы маусымда төртінші мәрте сары қағазбен жазалануы болатын.
30 жастағы хорватиялық қорғаушы биыл Премьер лигада он ойынға қатысып, бір нәтижелі паспен көзге түскен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или