Жанкүйерлер «Қайсар» - «Астана» кездесуінің үздік ойыншысын анықтады
«Қайсар» - «Астана» командалары арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін, елордалық клубтың Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер аталмыш ойынның үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады, деп жазады prosports.kz сайты елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, ойын 0:2 есебімен астаналықтардың пайдасына аяқталып, кездесудегі бірінші голды Патрик Твумаси соққан еді. Дәл осы ойыншыға жанкүйерлердің  33%-ы дауыс беріп, үздік деп таныды.
Екінші орында Марин Томасов. хорватиялық ойыншы кездесуде екі нәтижелі пас шығарып, көзге түскен болатын. Ол жанкүйерлер тарапынан  27,1% дауыс жинаған.

Үздік бестік:

1.Патрик Твумаси 33%
2.Марин Томасов 27,1%
3.Ненад Эрич 11,5%
4.Серикжан Мужиков 11,4%
5.Абзал Бейсебеков 6,2%

Дауыс беруге 2 288 адам қатысты.